Петропавлда аттракцион істен шығып, бес бала зардап шекті
© Сурет: Instagram/mirattrakcionov
2023 жылғы 1 маусымда Петропавлдың орталық саябағындағы "Мир аттракционов" ЖШС аумағындағы аттракционда бес бала зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"1 маусым күні сағат 18:59-да Петропавл қалалық полиция басқармасының "102" жедел арнасына Орталық мәдениет және демалыс саябағында балаларға арналған аттракциондардың бірі істен шыққаны, онда үштен он екі жасқа дейінгі кәмелетке толмаған бес бала зардап шеккені туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Зардап шеккендер алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне қайтарылды".
"Даладағы жоғары температура мен жұмыс жүктемесі көп болуына байланысты аттракционда тежегіш істемей қалды, соның салдарынан бірнеше кабина күрт тоқтады. Бірнеше баланың денесі көгерген. Оларға дереу медициналық көмек көрсетілді, содан кейін барлық зардап шеккендерді үйіне жібердік". "Мир аттракционов" ЖШС
Қазіргі уақытта аттракцион жұмыс істеп тұрған жоқ, тергеу жүріп жатыр.
"Біз Астанадан сарапшы келуін күтіп отырмыз, содан кейін болған жағдайдың барлық себебі мен аттракционның одан арғы тағдыры белгілі болады. 2023 жылдың көктемінде барлық аттракциондар жұмыс маусымы басталмай тұрып Астана қаласының өнеркәсіп саласындағы тәуелсіз зертханаларының бірінің техникалық диагностикасынан өтті"."Мир аттракционов" ЖШС
21 мамырда Шымкенттегі саябақтардың бірінде аттракцион істен шығып, бірнеше адам биікте тұрып қалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





