Қазақстанда ел-жерді аралайтын цирктер мен шағын зообақ жұмысына тыйым салынады

22:19, 17 желтоқсан 2024

© Сурет: pixabay

Келесі жылдан бастап ел-жерді аралап, шоу бағдарлама қоятын цирктер мен жануарларды ұстап көруге мүмкіндік беретін кішігірім зообақтардың жұмысына түбегейлі тыйым салынады. Экология министрлігі бұл тыйымның әзірше үлкен цирктерге қатысы жоқ деп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, бұл өзгеріс көшпелі окенариум мен дельфинарийлерге де қатысты. Яғни жан-жануарлар мен балықтарды енді жүк көлігіне салып алып, айлап гастроль сапармен ауыл-аймақ, қала, кенттерді аралауға болмайды. Жаңа ережеге бағынбағандарға қомақты айыппұл салынады.

Бас эколог Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, алдағы бір-екі жылда осы сала бір ізге түссе, министрліктің айналысар келесі шаруасы ірі цирк болмақ. Көршілес Өзбекстандағыдай, барлық жабайы жануар мен үйретілген аң-құсты зообаққа ауыстыру мәселесі қолға алынады.

"Бұл ереже 1 қаңтардан бастап іске асырылады. Байланыс жасайтын зообақ деп жатамыз ғой, жан-жануарды бейберекет ұстататын, сондай зообақтың барлығына тыйым салынады. Басқа елден келетін көшпелі цирктер де осы санатқа жатады".ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!