Ұлыбританияда электронды темекіні сатуға тыйым салынады
© Сурет: pixabay
2025 жылдың маусым айынан бастап Ұлыбританияда бір реттік электронды темекіні сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Guardian дерегінше, құрылғылар өрт қаупін туғызып, ортаны ластайды. Белгілі болғандай, елде әр секунд сайын осындай 13 құрылғы қоқысқа тасталады, ал күн сайын мұның саны миллионнан асады.
"Кейбір құрылғылардың қоқыс таситын көлікте немесе қайта өңдеу орталығында өрт тудыруы мүмкін батареялары бар", – делінген басылымда.
Мұндай төтенше жағдайлар 2024 жылы 2022 жылмен салыстырғанда 71%-ға жиі орын ала бастады.
New research by @recycleelectric has found that 8.2 million vapes are thrown away each week, up from the estimated 5 million.
— LGA Wellbeing (@LGAWellbeing) December 16, 2024
These staggering figures demonstrate the environmental challenges we face as a result of vapes being thrown away incorrectly.https://t.co/9V3m4HwCHH
Сондай-ақ, экологтар құрылғыларды зиянды және бос шығын алады деп есептейді. Олардың құрамындағы литий мен мыс 10 мыңнан астам көлікті қуатпен қамтамасыз ете алатын еді, алайда олар түптің-түбінде қоқыс жәшігіне тасталады.
"Вейптарды дұрыс жою туралы көбірек ақпарат орналастыру керек", – дейді белсенділер.
Сондықтан келесі жылдың маусым айынан бастап елде сатуға рұқсат етіледі:
- тек қайта зарядталатын электронды темекі;
- картриджді толтыруға болатын құрылғылар.
Еске салайық, Қазақстанда да аталмыш өнімді сатуға тыйым салынған. 2024 жылдың 19 сәуірінде Қасым-Жомарт Тоқаев темекі шегуге болмайтын темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға және таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салатын заңға қол қойған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:05, 18 желтоқсан 2024
Ресейде екіқабатты жолаушылар пойызы мен жүк составы соқтығысты
-
17:58, 18 желтоқсан 2024
Рим Папасына екі рет қастандық жасалмақ болғаны белгілі болды
-
15:34, 18 желтоқсан 2024
Қырғызстанда жаңа министрлер кабинетінің басшысы тағайындалды
-
15:07, 18 желтоқсан 2024
Индонезияда өлім жазасына кесілген филиппиндік әйел түрмеден босатылды
-
12:34, 18 желтоқсан 2024
Испаниядағы әуежайда радиоактивті контейнер жоғалып кетті