Alibaba Қазақстандағы қосымша құн салығын төлеушілер қатарына қосылды
© Сурет: Zakon.kz
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде электрондық коммерция мен салық салуды дамыту мәселелері бойынша Alibaba International Digital Commerce Group компаниясымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесу барысында МКК мен Alibaba International цифрлық экономикадағы халықаралық салық салуды дамыту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстандағы электрондық коммерция саласындағы салық заңнамасы мен әкімшілендірудегі соңғы өзгерістерді талқылады.
"Кездесу қорытындысы бойынша Alibaba International Digital Commerce Group компаниясын ҚҚС төлеушісі ретінде шартты тіркеуге қою туралы шешім қабылданды", делінген хабарламада.
МКК Қазақстан мен халықаралық компаниялар арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды нығайту және электрондық коммерцияны ілгерілету бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл Қазақстандағы салық әкімшілендіруде ашықтықты арттыруға және әділ салық салуға ықпал етеді.
Айта кетсек, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда шартты тіркеуден өткен 60 шетелдік компания бар, олар төлеген салық сомасы 34,8 млрд теңгені құрайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:10, 18 желтоқсан 2024
Tik-Tok-та жарнамаланған дәріні ішемін деп шымкенттік әйел өліп қала жаздады
-
22:57, 18 желтоқсан 2024
«Уран кеніші» әңгімесі: «Алтын қалам 2024» байқауының бас жүлдесін Бекен Ыбырайым иеленді
-
22:45, 18 желтоқсан 2024
Жетісу облысында 24 млн теңгенің айғақ затын ұрлап, іздеуде болған экс-полицей сотталды
-
22:39, 18 желтоқсан 2024
«Қар борап, көктайғақ болады». Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:57, 18 желтоқсан 2024
Қазақстандықтардың көбісі бөлшек сауда саласына шағымданған