Павлодардан жүрек ақауы бар үш айлық сәби Астанаға тікұшақпен жедел жеткізілді
© Сурет: University Medical Center баспасөз қызметі
Павлодардан жүрек ақауы бар үш айлық сәби Астанаға тікұшақпен жедел жеткізілді. Бала дереу ауруханаға жатқызылып, жедел медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
University Medical Center баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 сәуір күні Астанадағы UMC Жүрек орталығына Павлодардан туа біткен жүрек ақауы бар үш айлық нәресте шұғыл түрде тікұшақпен жеткізілген.
Нәрестеге қажетті медициналық көмекті ұшу барысында қамтамасыз ету үшін UMC Жүрек орталығының реаниматолог-дәрігері Елдос Жүнісәлиев арнайы Павлодарға ұшып барып, оны Астанаға дейін ілесіп әкелген.
"Бұл жағдай – Жүрек орталығы тарихында пациентті тікұшақпен жеткізудің үшінші оқиғасы. Мұндай тасымалдау түрі қолайлы метеожағдайларда ғана іске асырылуы мүмкін. Көп жағдайда пациенттер әуе көлігі – ұшақ арқылы жеткізіледі", - деп жазылған хабарламада.
UMC Жүрек орталығы аумағында тікұшақтың қонуына арналған арнайы алаң қарастырылған. Бұл – жедел медициналық көмекті қажет ететін науқастарды дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді.
Әсіресе, шұғыл жағдайларда, әрбір минут маңызды болған кезде әуе арқылы тасымалдау пациентті клиникаға жылдам әрі қауіпсіз жеткізудің жалғыз жолы болып саналады.
Астана мен Павлодар қалаларының медициналық қызметтерінің, сондай-ақ UMC Жүрек орталығы мамандарының үйлесімді және жедел әрекетінің нәтижесінде нәресте дер кезінде жеткізіліп, қажетті медициналық көмек алды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар
-
14:03, 20 желтоқсан 2025
Қар жауып, температура төмендейді: Алматыда алдағы күндері ауа райы бұзылады





