Павлодарда түзеу мекемесіне есірткі жеткізу әрекеті әшкереленді

14:51, 22 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz

Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №63 мекемесінде тыйым салынған затты кіргізбек болған әрекет дер кезінде тоқтатылды.

Сәлемдемені тексеру барысында мекеме қызметкерлері темекі қорабының ішінен сұр-жасыл түсті белгісіз затты анықтады. Кейінгі сараптама нәтижесі бұл заттың жалпы салмағы 9,99 грамм болатын гашиш есірткісі екенін көрсетті.

"Аталған дерек бойынша жедел-тергеу тобы шақырылып, процессуалдық шаралар қабылданды. Сәлемдемені жеткізген азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Оның ісі бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды", — деп мәлімдеді мекеме бастығының орынбасары Александр Тюменцев.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, жүргізіліп жатқан жүйелі түсіндіру жұмыстарына қарамастан, кейбір азаматтар – тергеу-қамаудағылардың туыстары мен таныстары – режимдік мекемеге тыйым салынған заттарды жеткізуге әрекеттенуді доғармай отыр.

Мұндай әрекеттер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапқа тартылады. Полиция азаматтарды заңға бағынып, түзету мекемелеріндегі тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!