Павлодарда кәрізге толып қалған бидай тұрғындарды әуреге салды

© Сурет: видео скрині
Павлодарда кәрізге толып қалған бидай тұрғындарды әуреге салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Pavlodarnews.kz сайтының хабарлауынша, Тұрғын үй инспекциясы, коммуналдық шаруашылық бөлімі жариялаған видеода Гагарин көшесі, № 63/1 бойынша пәтерлер иелерінің кәріз желілерін дұрыс пайдаланбаудың салдары көрсетілген.
Бидай тұқымын кәрізге төгу салдарынан ішкі жүйелерде судың деңгейі көтеріліп кеткен.
"Төртінші подъезде екі сағаттан бері құбырды тазалап жатырмыз. Кәріз жүйелері бидаймен бітеліп қалған. Тіпті, "вибротроспен" тазалай алмаймыз, ақырындап көрші кәріз жүйелеріне кетіп жатқан сияқты", - дейді видеода сөйлеп тұрған адам.
Коммуналдық шаруашылық бөлімінде тұрғындардан жертөле үй-жайларын су басып қалмау үшін үйлердің кәріз жүйелерін дұрыстап пайдалануды сұрап отыр.
Желі қолданушылары "Подъезге учаскелік инспекторды шақырыңыздар, самогон қайнатқан адамды жылдам табады. Самогон аппаратын жасыра алмайсыз", "Күйеуі самогон алатын әйел де табылады. Кек қайтарады", "Бидай ашытқан! Енді самогон қайнату үшін кеткен электр мен суық судың шығыны арқылы анықтауға болады", "Кәріз жүйесіне құюдың не қажеті бар? Бидай судың әсерінен ісіп кетеді емес пе? Өздері тазаласын, келесі жолы қайталамайтын болады" деп жазған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:20, 9 ақпан 2025
27 градусқа дейін аяз, бұрқасын мен тұман: Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жасалды
-
16:56, 9 ақпан 2025
Алматыда көшенің қақ ортасында көлік өртеніп кетті
-
16:15, 9 ақпан 2025
Алматыда қоймадан өрт шықты
-
15:56, 9 ақпан 2025
Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты
-
14:38, 9 ақпан 2025
Ақтөбе облысында 13 ірі қара мал тиелген көлік қар құрсауында қалып қойды