Ресейде әйел бір жарым айлық қызын буындырып өлтірген

12:46, 28 қаңтар 2026

© Фото: pexels

Башқұртстан астанасы Уфа қаласының 29 жастағы тұрғыны бір жарым айлық қызын шырқырай жылағаны үшін тұншықтырып өлтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kp.ru басылымының жазуынша, сәби жүрек ақауымен дүниеге келген. Денсаулығына байланысты ол жиі жылайтын болған. 25 қаңтар күні кешке нәресте тағы да шырқырай жылаған. Анасы оны тыныштандыруға тырысқанымен, еш нәтиже болмаған

Бір сәтте әйел өзін ұстай алмай, баласын қылқындыра бастаған. Кейін сәби тіршілік белгілерін көрсетпей қалғанын байқаған соң, жедел жәрдем шақырған.

Алғашында ол бұл жағдайды жазатайым оқиға деп түсіндіргенімен, шақалақтың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған.

БАҚ мәліметінше, әйел психоневрологиялық мекемеде есепте тұрған. Алайда қойылған диагнозына қарамастан, ол өзіне және айналасындағыларға қауіпті деп танылмағандықтан, ауруханаға жатқызуды қажет етпеген.

Аталған дерек бойынша кісі өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

Бұған дейін Жетісу облысында кәмелетке толмаған баласын жылу батареясына байлап, аяусыз соққыға жыққан ананың қамауға алынғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!