Павлодарда екі жасар өгей қызын ұрып-соққан әке қамауға алынды
© Фото: Zakon.kz
Павлодар облыстық балалар ауруханасының дерегінше, 2025 жылдың 16 қаңтарында қабылдау бөліміне 2022 жылы туған баласымен келіншек жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүлдіршін бұғана аймағындағы ауырсынуға шағымданған.
"Кезекші травматологтың тексеруі мен рентгенографиясы екі бұғана сүйегінің жабық сынуын растады. Анасының айтуынша, бір күн бұрын бала төсектен құлап кеткен. Дәрігерлер таңғышты қойып, қызды амбулаториялық бақылауға жіберді. 17 қаңтарда анасы баласымен бірге қабылдау бөліміне қайта жүгінді. Бұл жолы әйел қызын өгей әкесі ұрып-соққанын айтты", – делінген ақпаратта.
Оқиға бірден құқық қорғау органдарына хабарланған. Қазір жағдай Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдің бақылауында.
"Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды". Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазіргі уақытта қыз үйде емделуде. Бұғананың сынуынан басқа, оның көптеген гематомалары бар.
Бұған дейін Алматыда қараусыз қалған үйден 15 жастағы оқушының денесі табылғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:53, 21 қаңтар 2025
Ақтөбеде тұрғындардың тыныштығын бұзған «криминал» кафе бұзылатын болды
-
18:53, 21 қаңтар 2025
Ақтөбеде тұрғындардың тыныштығын бұзған «криминалды» кафе жойылды
-
18:46, 21 қаңтар 2025
Қарағанды облысында балықшылар су қоймасында тұрып қалды
-
18:34, 21 қаңтар 2025
Павлодарда 26 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ сотталды
-
18:15, 21 қаңтар 2025
Алаяқтар жасөспірімді алдап, ата-анасының 1 миллион теңгеден астам ақшасын жымқырған