«Аяз болады, боран соғып, қар бұрқасындатады»: Астана мен 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды
© Фото: zakon.kz
Синоптиктер 21 қаңтарда Астана мен Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, солтүстік-батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 15-20 градус, облыстың батысында 12 градус аяз болады деп күтіледі.Орал қ.: 21 қаңтарда тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 18 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі, облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 10-15 градус, облыстың батысында 20 градус аязды көрсетеді деп болжанады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде елдің солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 11-16 градус аяз болады деп күтіледі. Ақтау қ.: 21 қаңтарда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүріп, облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Соблыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 17-22 градусқа, облыстың батысында, солтүстігінде 25 градусқа дейін аяз болады деп күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында тұман түсіп, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 23-28 градус, облыстың оңтүстігінде, шығысында 20 және одан төмен градуста аяз болады деп күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 20-25 градус, облыстың шығысында 17 және одан төмен градус аяз болады деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 25-30 градус, облыстың оңтүстігінде 20 және одан төмен градуста аяз болады деп күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде түнде қатты қар жауады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15 градус, облыстың батысында 18 градусқа дейін аяздайды деп болжанады.
Ұлытау облысында қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың шығысында 13 градус аязға дейін күрт төмендейді деп болжанады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстансоққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың батысында, солтүстігінде 20-25 градус аяз болады, сынап бағаны одан да төмендейді деп күтіледі.
Абай облысының оңтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан асады деп күтіледі. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың батысында, шығысында 25 градусқа дейін аяздайды деп күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан асады деп күтіледі. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың шығысында 25-30 градусқа дейін аяздайды деп күтіледі.
Қызылорда облысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың батысында, солтүстігінде 15 градус аяз болады деп күтіледі. 22 қаңтарда түнде 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде 25 градус аяз болады деп болжанады. Қызылорда қ.: 21 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с.
21-22 қаңтарда Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), 21 қаңтарда күндіз, 22 қаңтарда тәулік бойы облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с, 21 қаңтарда күндіз, 22 қаңтарда тәулік бойы 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 23-28 м/с, облыстың тау асуларында 30 м/с және одан аса. 22 қаңтарда ауа температурасы түнде 2-7, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 10 градус аязға дейін күрт төмендеуі, 23 қантарда түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 20 градус аязға дейін ары қарай төмендеуі күтіледі.
Жамбыл облысында жауын-шашын, облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 23 қаңтарда ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 20 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.Тараз қ.: 21 қаңтарда кей уақыттарда тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Алматы облысында жауын-шашын, облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), жауады. Көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында, 18-23 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 23 қаңтарда облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар жауады. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 20-25 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
Жетісу облысында жауын-шашын, облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 23 қаңтарда ауа температурасының түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 20-25 градус аязға дейін күрт төмендейді, ары қарай төмендеуі күтіледі.
Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Астанада қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 21 қаңтарда кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, кешкі уақытта облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с.Қонаевта түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз Жетісу облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарда кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Талдықорған қ.: 21 қантарда түнде кей уақыттарда тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, күндіз облыстың батысында қатты қар күтіледі. Бұрқасын, облыстың шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавлда 21 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Қарағандыда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысында бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Ақтөбе қ. : 21 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
00:01, 21 қаңтар 2025
Тоқаев Трампты АҚШ президенті қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады
-
23:21, 20 қаңтар 2025
Трамп өз инаугурациясы кезінде не айтты: Марстағы жалау, екі жынысты мойындау, соғыстарды тоқтату
-
22:40, 20 қаңтар 2025
Оралда түнгі клубтағы қанды төбелеске қатысты деген екі күдікті ұсталды
-
22:31, 20 қаңтар 2025
Дональд Трамп АҚШ-тың президенті ретінде өз қызметіне кірісті
-
21:53, 20 қаңтар 2025
Әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия тапсырылды