Жетісулық зағип кітапханашы жылқы баптаумен айналысады

11:18, 21 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

Ескелді ауданының тұрғыны Серік Жұмабеков көз жанарынан айрылғанына қарамастан, жылқы баптап, қымыз бен саумал сатып, ел алғысын алып отыр. Бұған қоса, ол аудан орталығындағы кітапханада зағип жандарды кітап оқуға баулиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Еуразия" бірінші арнасының ақпаратынша, Серік Жұмабековтың сүйікті ісімен айналысып келе жатқанына 10 жылдан асқан. Таяуда Ресейден асыл тұқымды араб жылқыларын әкелген. Бүгінде мал басы 10 шықтыға жетті. Атбегіге мал күтіміне жұбайы Ақмарал қолғабыс етеді.

"Жалпы, өзіме мал өсіру, әсіресе жылқы баптау ұнайды. Мен үшін қиын шаруа емес. Шыны керек, мен бұдан керсінше демаламын. Меніңше, бұл жануарлар маған қуат сыйлайды",- деді Жұмабековтың жұбайы Ақмарал.

Айта кетейік, 2024 жылғы 19 қарашада Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде Жылқы шаруашылығы институты құрылған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!