Күн күрт суытып, көктайғақ болады: ТЖД елорда тұрғындарына үндеу жасады

20:34, 20 қаңтар 2025

© Сурет: Zakon.kz

Астана қаласының төтеншеліктері 2025 жылы 20 қаңтарда ауа райының бұзылуына байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына өтінішпен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша 2025 жылдың 21-23 қаңтарда қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады деп болжанады. Секудына соққан желдің жылдамдығы 15-20 метрді құрайды.

Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз:

  • сырғанамайтын, табанында ұсақ өрнектері бар аяқ киімдерді таңдаңыз;
  • аяқ астына қараңыз, қауіпті биік өкшелі аяқ киімдерді кименіз;
  • егер мұзды жерді айналып өту мұмкін болмаса, мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа адымдармен жүріңіз;
  • жолдың келесі бетіне өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз;
  • аяғыңыздың астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді (мұздатылған шұңқырларды, баспалдақтардың беткейлерін т.б.) айналып өтуге тырысыңыз. Тізенізді сәл босатып, баяу жүріңіз.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Жарақат алған кезде міндетті түрде жедел жәрдем қызметіне хабарласу қажет.

Көктайғақ жағдайында автокөлік жүргізушілеріне мыналар ұсынылады:

  • автокөлік дөңгелегін қысқыға ауыстырыңыз.
  • автокөлік қозғалғанда, бұрылғанда немесе тоқтағанда тиісті сигналдарды беруді ұмытпаңыз. Автокөліктер арасында қауіпсіз арақашықтықты сақтаныз.
  • жүргізуші жолды кесіп өтетін адамдарға жол беруі тиіс, ал жаяу жүргіншілер бұл үшін арнайы белгіленген орындарда барынша абайлап өтуге міндетті екенін есте сақтаған жөн.

Бұған дейін Астана мен Қарағанды арасындағы бірқатар жол учаскесі жабылғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!