Павлодар облысында жүргізуші цистернаға құлап, қаза тапты

17:13, 10 шілде 2025

© Сурет: pixabay

Павлодар облысында жүргізуші цистернаға құлап, қаза тапты. Жазатайым оқиға жолда болды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 шілдеге қараған түні "Павлодар-Қызылорда" автожолында Береке және Төртқұдық ауылдарының арасында MAN маркалы ершікті тартқыштың автоцистернасында жүргізуші қаза тапты.

"Болжам бойынша ер адам бензинді ыдысқа алуға тырысқанда цистернаға құлаған", - деп хабарлады департамент.

Полиция Павлодар тұрғыны қаза тапқан жазатайым оқиға фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!