Павлодар облысында “жеңгетайлықпен” айналысқан 21 жастағы бойжеткен ұсталды

12:50, 20 қыркүйек 2018

Павлодар облысының полиция қызметкерлері рейд жүргізу барысында аумақтағы монша кешендерінің бірінде ақшаға келушілерге жыныстық қызмет көрсететін қыздарды ұсынған 21 жастағы администратор бойжеткенді ұстады, деп жазады Stan.kz Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеп.

“Павлодар облысының аумағында адам саудасына қатысты қылмыстарды болдырмау, жолын кесу, оны анықтау және ашу мақсатында «СТОП-трафик» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді”, - деп хабарлады Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Осы іс-шараның аясында ойын-сауық орталықтарында, монша мен сауналарда, қонақ үйлерде, жалдамалы пәтерлерде, сондай-ақ шаруа қожалықтары мен құрылыс алаңдарында адамдарды заңсыз жұмысқа тарту, ұрлау, заңсыз жұмысқа тартып бас бостандығын шектеу бойынша рейд жүргізілді.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары қаладағы қонақ үйлердің бірінде күзетші болып істейтін 24 жастағы жігітті ұстады. Ол мүліктік жәрдемақы алу үшін меймандарға жыныстық қызмет көрсететін қыздарды ұсынған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!