Павлодар облысында түнде ересектердің еріп-жүруінсіз көшеде жүрген жасөспірімдер анықталды
© Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдердің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта жүру деректерінің жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Осылайша, Павлодар қаласындағы бассейн маңындағы гараждар аумағында полиция қызметкерлері алкоголь ішімдігін ішкеннен кейін ес-түссіз жатқан кәмелетке толмаған қызды анықтады. Жасөспірім медициналық мекемеге жеткізілді.
"Қоғамдық орында масаң күйде жүргені, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қыздың заңды өкіліне қатысты әкімшілік материал рәсімделді, — деді Павлодар облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Азамат Күркебаев.
Айта кетейік, жыл басынан бері полиция қызметкерлері 18 жасқа толмағандардың қоғамдық орындарда масаң күйде жүруіне және алкогольдік ішімдіктерді тұтынуына байланысты 90 құқық бұзушылықтың жолын кесті. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін 1809 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың қайда жүргенін қатаң бақылауға, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға көбірек көңіл бөлуге және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі – отбасы мен қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін ұмытпауға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:57, 22 шілде 2026
ҰҚК шекарада анықталған заңбұзушылықтарға қатысты алаңдатарлық статистиканы жариялады
-
12:48, 22 шілде 2026
Қостанай облысында қауіпті маневр жасаған жүргізуші жауапқа тартылды
-
12:34, 22 шілде 2026
Қытайда әйелдерге арналған жаңартылған электромобиль таныстырылды
-
12:22, 22 шілде 2026
Сауд Арабиясы ұмра жасауға арналған бір жылдық көп мәртелік виза енгізді
-
12:13, 22 шілде 2026
Әлемге әйгілі шахматшы ел президенті болудан бас тартты





