Әлемге әйгілі шахматшы ел президенті болудан бас тартты
© Сурет: Facebook/PolgarJuditSakk
Тарихтағы ең табысты шахматшылардың бірі, халықаралық гроссмейстер Юдит Полгар Венгрия президенті лауазымына кандидат болудан бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ол 2026 жылғы 21 шілдеде Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді. Белгілі болғандай, Венгрияның премьер-министрі Петер Мадьяр 49 жастағы шахматшыға елдің ең жоғары мемлекеттік қызметі – президент лауазымына кандидат болуды ұсынған.
Юдит Полгар бұл ұсынысты өміріндегі ең үлкен құрметтердің бірі деп бағалағанымен, мұндай жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын емес екенін айтты.
"Мені республика президенті қызметіне ұсыну туралы бастаманы өмірімдегі ең үлкен құрмет деп санаймын және бұл үшін шын жүректен алғыс айтамын. Алайда ұлтты біріктіру сияқты тарихи жауапкершілікті өз мойныма алуға әзір емеспін", – деп жазды Полгар.
Өз кезегінде Венгрия премьер-министрі Петер Мадьяр Юдит Полгардың шешіміне Facebook желісінде жариялаған бейнеүндеу арқылы пікір білдірді.
"Венгрия үшін атқарған еңбегіңізге рақмет! Миллиондаған венгр халқының атынан айтарым – сіз басқа рөлде болсаңыз да, алдағы уақытта да еліңізге қызмет етеді деп сенеміз", – деді Петер Мадьяр.
Айта кетейік, 20 шілдеден бастап Венгрия президенті Тамаш Шуйоктың өкілеттік мерзімі аяқталды. Қазіргі уақытта мемлекет басшысының міндетін уақытша парламент төрағасы Агнеш Форстхоффер атқарып отыр. Ел заңнамасына сәйкес, парламент 30 күн ішінде жаңа президентті сайлауы тиіс.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:27, 22 шілде 2026
Алматының Әуезов ауданында заңсыз сауданың 7 ірі орны жойылды
-
14:17, 22 шілде 2026
Ұлттық банк 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноталарға қатысты маңызды ескерту жасады
-
14:07, 22 шілде 2026
Сотталған Жақсылық Омардың орнына ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметіне кім келді
-
13:59, 22 шілде 2026
Вице-премьер Аида Балаева мәйіттік донорлыққа келісім беретінін мәлімдеді
-
13:46, 22 шілде 2026
Жамбыл облысында полиция алаяқтықтың бірнеше дерегін тергеп жатыр





