Павлодар облысында прокурордың орынбасары әйелінің орнына декретке шықты
15:34, 23 қараша 2017
Павлодар облысы прокурорының орынбасары Қуат Артықбаев әйелінің орнына декреттік демалысқа кетті. Прокуратураның баспасөз бөлімі хабарлағандай, Артықбаев бала күтіміне байланысты демалысқа 2017 жылдың 1 қазанынан бастап шыққан. Ол енді үш жыл "үйде отырады", - деп хабарлайды Today.kz.
Қуат Артықбаев қызметінен өз еркімен босатылған.
Ер адам жоғары лауазымына қарамастан, отбасындағы мансапты құп көрген.
"Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші жұмысшыға бала күтіміне байланысты демалысты бала үш жасқа толғанша беруге міндетті. Баланың дүниеге келгенін растайтын туу туралы куәлікті немесе басқа құжатты көрсеткен баланың әкесі не анасы ата-ананың таңдауына қарай демалысқа шығады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Қуат Артықбаев бала күтіміне байланысты 2020 жылдың 21 наурызына дейін жұмысқа шықпайды.
Декреттік демалысқа бұдан бұрын да әйелінің орнына ер адамдар шығып жүрген.
Фото: today.kz
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:33, 26 сәуір 2024
Елшілік арқылы ҚР азаматтығынан шығуға өзгерістер енгізілуде
-
14:56, 26 сәуір 2024
Ер адамның әйелді аяусыз ұрған бейнесі желіе тарап кетті
-
14:30, 26 сәуір 2024
Тағы бір есірткі зертханасы жойылды
-
14:08, 26 сәуір 2024
Қошанов: Шыңжаң аймағы бізді Қытаймен байланыстырады
-
13:48, 26 сәуір 2024
Сәл болмағанда жарылыс бола жаздады: Алматының шығыс айналма жолындағы өрт