Паралимпиада ойындары-2024: Ерғали Шамей күміс медаль иеленді

20:06, 6 қыркүйек 2024

© Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Отандасымыз пара дзюдодан 73 келі салмақ дәрежесінде J1 санаты бойынша сынға түсіп, финалда румыниялық Александру Бологоға есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, пара дзюдодан J1 санатында 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ерғали Шамей жартылай финалда Германиядан келген қарсыласын иппонмен жеңді. Осылайша ол алтын медальға таласу мүмкіндігіне ие болған еді.

Айта кетсек, бұған дейін XVII жазғы Паралимпиада ойындарында J2 санаты бойынша 57 келі салмақта Даяна Федосова қола жүлде үшін таласып, Түркия өкілі Дёндю Ешилюртты айқын басымдықпен жеңді. Ел қоржынында - тағы бір қола медаль.



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!