Өзбекстанмен шекарада электронды кезекке кепілдік жарна енгізіледі
© Фото: Zakon.kz
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті халықаралық жүк тасымалдаушыларға электронды кезекті брондау тәртібіне қатысты маңызды ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми хабарламаға сәйкес, 2026 жылғы 9 қарашадан бастап Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасындағы "Қазығұрт", "Б. Қонысбаев" және "Атамекен" өткізу пункттерінде халықаралық тасымалдарға арналған электронды кезек жүйесінен орын брондау үшін 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде кепілдік жарна төлеу міндеттеледі.
2026 жылы 20 АЕК 86 500 теңгеге тең. Биыл бір АЕК мөлшері — 4 325 теңге.
Мамандардың есебінше, бұл шара өткізу пункттерінде кезектің жасанды түрде қалыптасуына жол бермеуге және тасымалдаушылардың жауапкершілігін арттыруға көмектеседі.
Кепілдік жарна қалай қолданылады?
- Электронды кезекке орын брондау үшін тасымалдаушының арнайы электронды шотында 20 АЕК мөлшеріндегі қажетті қаражат болуы керек.
- Егер көлік құралы өткізу пунктіне белгіленген уақытта келсе, кепілдік жарна тасымалдаушыға автоматты түрде толық қайтарылады.
- Егер тасымалдаушы 90 күнтізбелік күн ішінде қатарынан екі рет өткізу пунктіне белгіленген уақытта келмесе, кепілдік жарна қайтарылмайды және мемлекеттік бюджет кірісіне өндіріп алынады.
Бұған дейін, 2026 жылғы 21 қазанда Қазақстанның кеден қызметі Өзбекстанда өз өкілдігін ашатыны белгілі болған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:54, 28 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев инвестор тарту жүйесін сынға алды
-
11:53, 28 қазан 2026
Ауыл шаруашылығы саласына ЖИ тәсілдерін жедел қарқынмен енгізу қажет – Президент
-
11:51, 28 қазан 2026
Ұлттық қор арқылы импортты қаржыландыруға жол беруге болмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев
-
11:48, 28 қазан 2026
Инвестицияға қатысты мәселелермен «Бәйтерек» холдингі белсендірек айналысатын болады
-
11:41, 28 қазан 2026
Тоқаев: Аймақтар жекелеген салаға немесе кәсіпорынға тәуелді болып қалмауға тиіс





