Өте маңызды міндет – Президент Жолдауда мемлекеттік басқарудың сапасын жақсартуды тапсырды

12:13, 28 қазан 2026
MKZ: 1574725

© Фото: akorda.kz

Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде мемлекеттік басқару сапасын арттырып, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бақылауды күшейту қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, инфрақұрылымды жаңғырту, жаппай цифрландыру және индустрияны дамыту үшін бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, жеке инвестициялар да тартылып жатыр.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы ауқымды құрылыс аясындағы жобаларды мұқият іріктеудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ сенімді компаниялармен жұмыс істеп, бастамаларды жүзеге асырудың әр кезеңін жіті бақылау қажет екенін айтты.

"Мемлекеттік аппарат осы міндетті кәсіби тұрғыдан мүлтіксіз орындауға дайын болуы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мемлекеттік басқару жүйесінің сапасын толықтай жақсарту маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!