Отандық спортшы әртістік жүзуден Әлем кубогының қола медалін иеленді

09:20, 20 маусым 2026

© Сурет: olympic.kz

Канададағы Торонто қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогының суперфиналында Қазақстан құрамасының өкілі Виктор Друзин жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық спортшы техникалық бағдарламада қола медаль жеңіп алды. Оның өнерін төрешілер 235.4583 ұпаймен бағалады.

Алтын медальді Ранджуо Томблин иеленді — 249.2033 ұпай.

Екінші орынды Муе Го алды — 245.6576 ұпай.

Бұған дейін Қытайдағы турнирде Қазақстанның сегіз боксшысы жартылай финалға өткенін жазғанбыз. Медальға таласты жарыстар бүгін өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!