Өскеменде қоғамдық көліктер кестеге сай жүрмейді
© Сурет: Zakon.kz
Өскемендегі шеткі шағын аудан тұрғындары қоғамдық көліктердің жүру кестесіне наразы. Автобус мәселе бойынша бұған дейін жолаушылар бірнеше рет шағымданған болатын.
Әсіресе таңертең-кешке автобус жүрмегендіктен халық таксимен кетуге мәжбүр. 2-3 сағат кешігіп келген автобуста ине шаншар орын болмайды, деп жазады qazaqstan.tv.
Сондықтан кейбір аялдамаларға тоқтамай кетеді. Амалы таусылаған тұрғындар тасымалдаушы компанияларды сотқа беріп жеңіп шыққан.
Бірақ одан да нәтиже болмады. Жолаушылардың арыз-шағымын тыңдаған қала әкімдігіндегі осы салаға жауапты тұлағалар міндетін дұрыс атқармаған тасымалдаушыларға қатысты келісім-шарт қайта қаралатынын жеткізді.
"Қаланың шеткі шағын аудандарына қызмет көрсететін тасымалдаушы үш компанияның біреуі өз жұмысын дұрыс атқармай отыр. Оған бірнеше рет ескерту жасалды. Бірақ еш оң нәтиже жоқ. Сондықтан жақын күндері бұл компанияның жұмысына қатысты мәселені сот арқылы шешеміз. " Арман Ысқақов, қала әкімінің орынбасары
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





