Өскеменде ер адам бесінші қабаттан итін лақтырып жіберген
© Сурет: pixabay
Өскеменде бесінші қабаттан итін лақтырып жіберген 41 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Пәтерде дәрет сындырған итті иесі осылай жазаламақ болған. Тіпті биіктен құлап, қан-жоса болған иттің соңынан ол пышақ ала да жүгіріпті. Мұны көрген көршілері араша түсіп, лабрадор тұқымдас итті ветеринария клиникасына жеткізген. Бірақ үй жануары ауыр жарақаттан өлген. Полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды КТК.
"Жануарларға қатігездік фактісі бойынша ҚР ҚК 316-бабы 2-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. Оқиғаның мән-жайын толық әрі объективті зерттеуге бағытталған тергеу жүргізілуде". Қарлығаш Жүсіпова, ШҚО ПД баспасөз хатшысы
Бұған дейін Астанада артқа жүрген көлік автобус аялдамасын қиратқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:50, 7 қаңтар 2026
«Қайрат» сапынан негізгі құрамдағы екі ойыншы кетті
-
17:33, 7 қаңтар 2026
8 қаңтарда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
16:58, 7 қаңтар 2026
Талдықорғанда түтінге толған үйден жеті бала құтқарылды
-
15:58, 7 қаңтар 2026
8 қаңтарда Қазақстанның қай өңірлерінде жауын-шашын түсіп, боран соғады
-
15:30, 7 қаңтар 2026
ШҚО-да полицейлер жүргізушілерді қар құрсауынан құтқарды





