Орталық Азиядағы басты концерт алаңы: Астанада аты аңызға айналған Backstreet Boys тобы өнер көрсетеді
© Сурет: Астана қаласы әкімдігі
21 қыркүйекте "Астана Арена" стадионында аты аңызға айналған Backstreet Boys тобы концерт береді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласы әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, әлемдік музыканың тарихындағы ең табысты поп-топтардың бірі саналатын Backstreet Boys әлем бойынша 130 миллионнан астам альбом сатқан. Астанадағы концерт топтың әлемдік гастрольдік турының бір бөлігі болады. 2025 жылы ұжым Лас-Вегаста рекорд орнатқан еді: әйгілі The Sphere концерт кешеніндегі шоу осы алаң тарихындағы ең көп сатылған концертке айналып, небары бір күннің ішінде 500 000-нан астам билет өтіп кеткен.
Backstreet Boys концерті үшін Астанаға Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа елдерді қоса алғанда, 45 мемлекеттен 12 000-нан астам турист келеді деп күтіліп отыр. Кешті ұйымдастырып отырған "Астана Концерт" компаниясы Total White дресс-кодын (толықтай ақ киім кию) жариялады. Бұл кешке бірлік пен стиль атмосферасын береді.
Қазақстандық әлеуметтік желілерде қазірдің өзінде #GetReadyWithMe тренді кең таралып жатыр. Онда отандық жанкүйерлер балалық шағының кумирлерімен кездесуге дайындық барысын көрсетеді. Астанадағы Backstreet Boys концерті – бұл әлемдік жұлдыздардың өнер көрсетуі ғана емес, елорда тарихына енетін ауқымды мәдени оқиға болмақ.
Бұған дейін Қазақстанда Димаш продюсерлік ететін музыкалық жоба түсірілуде екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 6 маусым 2026
Алматыдағы түнгі клубтарға жаппай тексеру жүргізілді: қандай мекемелер заң бұзды
-
17:15, 6 маусым 2026
Қазақстандық бір сағатқа үйінен шығып кетіп, барлық жинағынан айырылды
-
16:56, 6 маусым 2026
Қазақстанда 2026 жылы ең сұранысқа ие мамандықтар рейтингі жарияланды
-
15:50, 6 маусым 2026
7 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
15:12, 6 маусым 2026
Алматыда электрсамокаттарды пайдаланудың жаңа тәртібі талқыланды





