Оралда жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізуші ұсталды
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Орал қаласы аумағында патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Toyota Hilux маркалы автокөлікті тоқтатты.
Тексеру нәтижесінде аталған көлік құралына қағаз түрінде жасалған, сыртқы көрінісі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне ұқсас жалған нөмір орнатылғаны анықталды.
Нөмірлік белгінің заң талаптарына сәйкес келмейтіні расталды.
Аталған дерек бойынша көлік жүргізушісі Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн орнату, сонымен қатар көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсi бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi бар көлiк құралын басқару баптары бойынша жауапкершілікке тартылды.
Көлік құралы арнайы айыптұраққа қойылды. Полиция азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді. Жалған немесе заң талаптарына сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:37, 21 мамыр 2026
Алматыда полиция мектеп түлектерін қауіпті «кортеждерден» бас тартуға шақырды
-
12:25, 21 мамыр 2026
Қаскелеңде құдыққа соғылған велосипедтегі баланың омыртқасы мен жағы сынған
-
12:18, 21 мамыр 2026
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтері: тізбе бекітілді
-
12:04, 21 мамыр 2026
Түркістан облысында жол жиегін ластаған тұрғындар жауапқа тартылды
-
11:59, 21 мамыр 2026
Анджелина Джоли осы жазда «Кутюр» атты жаңа фильмде бой көрсетеді





