Оралда тыр жалаңаш жүрген ер адам көршілерін шошытты
© Фото: pexels
Орал қаласындағы Қонаев көшесінде жалаңаш жүрген жергілікті тұрғын жұртшылықтың зәресін алды. Киімсіз ер адам көпқабатты тұрғын үйдің бірінші және екінші қабаттарының арасындағы газ құбырына өрмелеп шығып, оқиға куәгерлерін шошытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" басылымының 2026 жылғы 13 қазандағы мәліметінше, шошып кеткен көршілері мен өтіп бара жатқан адамдар дереу құқық қорғау органдарының қызметкерлерін шақырған.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары ер адамның агрессивті әрі оғаш мінез-құлқына тап болған.
Соттың мәліметінше, құқық бұзушы есірткілік заттардың әсерінде болған. Дәрігерлер оның каннабиноидтар мен опиоидтер тұтынғанын растаған. Ер адам газ құбырынан түсуден бас тартып, өзін оғаш ұстап, балағат сөздер айтқан. Сотта ол кінәсін толық мойындағанымен, әрекетінің себебін нақты түсіндіре алмаған.
Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны және қоғамдық орында масаң күйде болғаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды. Сонымен қатар оған алты ай бойы алкогольдік ішімдіктер ішуге және есірткі тұтынуға тыйым салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Павлодарда да мас күйдегі ер адам өзеннің жұқа мұзына шығып, өміріне қауіп төндірген еді. Абырой болғанда, оны құтқарушылар дер кезінде байқап қалған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:20, 14 қазан 2026
Атырауда «Atyrau Open 2026» халықаралық шахмат турнирі жалғасуда
-
11:14, 14 қазан 2026
Қостанай облысында КАМАЗ бен мотоцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты
-
11:10, 14 қазан 2026
Қазақстанда Филиппин елшілігі ашылуы мүмкін
-
11:03, 14 қазан 2026
АҚШ-та 42 жастағы ер адам аттракционнан құлап қаза тапты
-
10:55, 14 қазан 2026
Алматыда тұраққа таласқан ер адам жанжалдан кейін көз жұмды





