Алматыда тұраққа таласқан ер адам жанжалдан кейін көз жұмды

10:55, 14 қазан 2026
MKZ: 1572258

© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Алматыда көршілер арасындағы жанжал 37 жастағы ер адамның өлімімен аяқталды. Жүргізушілер үй маңындағы автотұрақтағы орынға таласқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 4 қазанда кешке ер адам тұрақта бөтен көліктің тұрғанын көріп, көршісінен оны алып тастауды сұраған. Алайда көршісіне бұл талап ұнамай, екеуі төбелесіп қалған. Көршісі бауырын көмекке шақырған. Ол кенет пышақ шығарып, ер адамның мойнына сұққан. Жараланған азамат ауруханаға жеткізіліп, бір аптадан кейін қайтыс болды.

Марқұмның туыстары мен достарының айтуынша, қайғылы оқиғаға дейін көршілер бір-бірімен тіпті араласпаған, олардың арасында жанжал болмаған. "КТК" телеарнасының сюжетінде күдіктінің отбасы көрші үйден пәтер жалдап тұрғаны айтылды. Алайда оқиғадан кейін олар асығыс көшіп кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, шабуылдан кейін қаскөйлер көлікке тас лақтырып, бүйір әйнегін сындырған. Полиция абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті изоляторға қамалды.

"Ер адамдардың арасында алдымен сөзге келіспеушілік болғаны анықталды. Кейін жәбірленушіге өлімге әкелген жарақат салынған. Соның салдарынан ол қайтыс болды. Күдікті бірден ұсталып, қамауға алынды", – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Марқұмның жақындары істің объективті тергелуін және "Адам өлтіру" бабына қайта саралануын сұрап отыр.

2026 жылғы 13 қазанда Ақтөбеде әйелдің өлтірілгені белгілі болды. Қылмыс бейнебақылау камераларының алдында болған. Полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!