Оралда қараусыз қалған тұрғын үйде құрылыс арқалығы құлап, адамды басып қалды

22:09, 22 сәуір 2025

© Фото: zakon.kz

Оралдағы Деркөл кентінде қараусыз қалған тұрғын үйде құрылыс арқалығы құлап, адамды басып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жедел жеткен құтқарушылар 1998 жылы туған азаматты арқалықтың астынан алып шықты.

Оның аяғы сынған


"Тасымалдау үшін ер адамның аяғын медициналық шинамен бекітіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды", - делінген хабарламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!