Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару: Еңбек министрлігі «желінген» бюджет ақшасына қатысты мәлімдеме жасады

19:30, 13 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарды оңтүстіктен солтүстік өңірлерге өз еркімен қоныс аудару бағдарламасы бойынша бөлінген мемлекеттік қаражаттың ұрлануы туралы ҚР Бас прокуратураның ақпаратына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Бас прокуратурасының азаматтарды оңтүстіктен солтүстік өңірлерге өз еркімен қоныс аудару бағдарламасы бойынша бөлінген мемлекеттік қаражаттың теріс пайдалану және ұрлау фактілерін анықтауына қатысты келесіні хабарлайды.

"Бұл бұзушылық фактілерін алғаш рет Еңбек министрлігінің қызметкерлері 2023 жылдың қыркүйегінде анықтаған болатын, ол жөнінде жергілікті атқарушы және қадағалау органдарының өкілдері дер кезінде хабардар етілді. Бұдан басқа, алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында Еңбекмині 2023 жылы қолданыстағы НҚА-ға қажетті түзетулер енгізілді", делінген ЕХӘҚМ хабарламасында.

Министрлік мәліметінше, мәселен, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Үкімет айқындаған қоныстандыру өңірлерінің тартымдылығын арттыру мақсатында жаңа орындағы тұрғын үй құнының 50%-на дейін мөлшерінде экономикалық мобильділік сертификаттары бойынша ақшалай төлемдер жүзеге асырыла бастады.

Сол жылдың қыркүйегінде Еңбекмині берілген 486 экономикалық мобильділік сертификаттары бойынша кешенді талдау жүргізді. 2023 жылғы 15 қыркүйекте әкімдіктердің тиісті шаралар қабылдауы үшін қоныстандыру өңірлеріне қымбат бағамен тұрғын үй сатып алудың анықталған фактілері бойынша ескертулер жіберілді.

Сол жылдың 19 қазанында Еңбекмині қоныстандыру өңірлеріне экономикалық мобильділік сертификаттарын іске асыруға тұрақты талдау жүргізу, сондай-ақ сатып алынатын тұрғын үйдің құнын оның нарықтық бағаларға сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізу қажеттілігі туралы хат қайта жолданды.

"2023 жылдың қазан айынан бастап Еңбекмині қоныс аударушылар сатып алатын тұрғын үйді міндетті бағалау туралы талаптарды көздейтін НҚА-ға түзетулер енгізу бойынша жұмыс жүргізді. Бұл өзгерістер 2023 жылғы 29 желтоқсанда күшіне енді. 2024 жылғы 30 мамырда Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының тұрғын үй сатып алу және сату бөлігінде қосымша күшейтілді", делінген хабарламада.

Одан бөлек, министрлік қабылдаған тағы бірқатар шаралар бар. Олардың барлығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған.

"Алайда, мәселе жергілікті атқарушы органдар тарапынан сақталуда", - дейді министрліктегілер.

2024 жылдың 22 ақпанында Еңбекминінің басшысы Светлана Жақыпованың Павлодар облысына жұмыс сапары барысында өңір әкімі Асаин Байхановтың төрағалығымен өткен облыс активінің, оның ішінде прокуратура өкілдерінің қатысуымен болған кеңесте ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті төрағасының сөйлеген сөзінде Павлодар облысында қоныс аудару бағдарламасын іске асырудағы проблемалар туралы атап өтілді, оның ішінде үй құнын асыра бағалау, туыстар арасындағы мәмілелер және т. б. туралы да егжей-тегжейлі айтылды.

Осыдан кейін Павлодар облысының прокуратурасы қоныс аудару бағдарламасы бойынша тексеруді бастады. Осыған орай тиісті хаттарды Еңбекмині ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне жолдады. Осылайша, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша қажетті шараларды қабылдап, олардың алдын алу үшін тиісті жұмыстарды жүргізуде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!