Оңтүстік Кореяда қашып кеткен екі қазақстандықтың жағдайы белгілі болды
© Сурет: Instagram/korea_komek
Ұсталған екі Қазақстан азаматы қазір қамауда отыр. Бұған дейін олар елге кіруге тыйым салынғанына қарамастан, Инчхон әуежайының аумағынан қашып кеткен еді, деп хабарлайды Zakon.kz.
25 наурызда Өзбекстаннан Оңтүстік Кореяға 2002 және 2005 жылы туған екі Қазақстан азаматы барған. Құжаттарында қате кеткендіктен, оларды елге кіргізбей, депортациялау залына жіберген. Бұл туралы Instagram-дағы "Korea_Komek" парақшасында жазылған. Қайту рейсін күтіп тұрған олар ұшу-қону жолағына жақын жерде биіктігі 3,5 метрлік қоршаудан асып, қашып кеткен.
Екі қазақ та өз ісін мойындап, отбасын асырау үшін жұмысқа келгенін айтты. Оларға шекараны заңсыз кесіп өтіп, қашып кетті деген айып тағылды. Ұсталғандар - Түркістан облысының тумаcы.
Бір қазақстандықты отандастарының қолдауымен еліне қайтару керек. Екіншісі Оңтүстік Корея түрмесінде үш ай болады. Бұл елдің заңнамасы бойынша ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазақстан азаматтарының бұл әрекеті Оңтүстік Кореяда жұрттың наразылығын тудырды. Кейінгі екі күнде Оңтүстік Кореядағы 23 қазақстандық азаматтығына байланысты жұмыстан шығарылғаны хабарланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





