Өндірістік кәсіпорындарда мас күйді анықтау кабинеттері ашылады
© Сурет: KOMU News/Ashleigh Jackson
Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында азаматтарды алкогольдік және есірткілік мас күйіне тексеру тетігін жетілдіру жұмыстары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін Сенат депутаттары аталған саладағы жемқорлық тәуекелдеріне алаңдаушылық білдірген болатын.
Үкімет басшысының айтуынша, тексерудің қолжетімділігін арттыру үшін шалғайдағы өндірістік кәсіпорындарда куәландыру кабинеттерін ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл қызметкерлерді тікелей жұмыс орнында тексеруге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде Маңғыстау облысындағы "Kalamkas-Khazar Operating" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базасында пилоттық жобаны іске қосу үшін ұйымдастыру шаралары, соның ішінде қаржыландыру және кадр мәселелері пысықталуда.
Сонымен қатар, ел бойынша шамамен 300-ге жуық медициналық куәландыру кабинеті жұмыс істейді. Олар қажетті құрал-жабдықтармен және жедел анықтау сынақтарымен қамтамасыз етілген.
Бектеновтің атап өтуінше, газды хроматография мен масс-спектрометрия әдісі халықаралық және сот тәжірибесінде ең сенімді тәсілдердің бірі саналады. Бұл әдіс жоғары дәлдікке, сезімталдыққа және айғақтық маңызға ие. Қорытындылар медициналық куәландырудың электрондық жүйесінде қалыптастырылады және оларға өзгеріс енгізуге жол берілмейді.
Тексеру нәтижелері орталықтандырылған бақылау жүргізу және жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында автоматты түрде прокуратура және ішкі істер органдарына жолданады.
Еске салайық, 2025 жылғы қазанда сенатор Марат Қожаев Қазақстанда алкоголь тұтынуға толық тыйым салу қажет деген пікір айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:27, 18 ақпан 2026
ТМККК және МӘМС аясында дәрілік заттардың шекті бағаларын реттеу: өзгерістер енгізілді
-
15:18, 18 ақпан 2026
Алматы тауларына бармақ болғандарға шұғыл ескерту жасалды
-
15:06, 18 ақпан 2026
АӨК саласындағы жобаларды несиелеу қағидаларына өзгерістер енгізілді
-
14:58, 18 ақпан 2026
«Майорды қағып кеткен»: Алматыда болған жантүршігерлік жол апатының мән-жайы белгілі болды
-
14:44, 18 ақпан 2026
Қыс қайта оралады: Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді





