Қазақстанда сапасыз жолдар үшін 5 мың лауазымды тұлға жазаланды
© Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов 2026 жылғы 22 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында сапасыз жолдарға қатысты қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, ішкі істер органдары жолдардың жағдайын күн сайын тексереді.
"Әкімдіктер мен жол ұйымдарына тиісті нұсқамалар енгізіледі. 5 мың лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Оның ішінде аудан және ауыл әкімдеріне қатысты 487, ал "ҚазАвтоЖол" филиалдарының басшыларына қатысты 345 әкімшілік ықпал ету шарасы қолданылды. Сонымен қатар жолдарды тиісінше күтіп ұстамау деректері бойынша төрт қылмыстық іс тергеліп жатыр", – деді Ержан Сәденов.
Оның сөзінше, тексеру барысында аудан және ауыл әкімдері, сондай-ақ басқа да жауапты тұлғалар жол инфрақұрылымына қаражаттың жеткіліксіз бөлінетінін алға тартқан.
"Осыдан кейін ауыр зардаптарға жол берілсе, мәселе облыс басшылығының жауапкершілігі тұрғысынан қаралады", – деді ІІМ басшысы.
Бұған дейін Ішкі істер министрі әкімдіктердің жұмысына қатысты сын айтқан еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:05, 22 қыркүйек 2026
БҚО-да әкесі мен ұлы алимент мәселесін сот арқылы шешті
-
12:59, 22 қыркүйек 2026
АҚШ-та адам мен робот алғаш рет жекпе-жекке шықты
-
12:52, 22 қыркүйек 2026
Петропавлда мотоцикл жаяу жүргіншіні қағып, адам өлімі тіркелді
-
12:46, 22 қыркүйек 2026
Полиция көліктері заманауи жасанды интеллект жүйелерімен жабдықталмаған – ІІМ басшысы әкімдіктерді сынға алды
-
12:34, 22 қыркүйек 2026
Астанада жасөспірімдер көшедегі шығармашылығы үшін жауапқа тартылды





