«Оңай миллион болмайды»: қазақстандықтарға алаяқтардың жаңа айласы туралы ескертілді
© Фото: pixabay
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандықтарды жалған инвестициялық платформаларды пайдаланатын алаяқтардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандардың мәліметінше, қаскөйлер танымал банктер мен инвестициялық компаниялардың ресми ресурстарына ұқсайтын сайттар жасап, олардың сілтемелерін әлеуметтік желілер арқылы таратады.
Алаяқтар пайдаланушыларға қысқа мерзім ішінде жоғары немесе кепілдендірілген табыс табуды ұсынады. Сенімге кіру үшін жалған пікірлер мен жасанды интеллект көмегімен жасалған танымал адамдардың видеоларын пайдалануы мүмкін.
Олардың мақсаты – азаматтардың ақшасы мен құпия деректерін иемдену.
Мамандар мынадай белгілерге назар аударуға кеңес береді:
- жоғары табысқа кепілдік беру;
- ақшаны тез арада аударуға асықтыру;
- сілтеменің бөгде сайтқа бағыттауы;
- қосымшаны App Store немесе Google Play-ден тыс жерден жүктеуді ұсыну;
- банк картасының деректерін, құпиясөздерді немесе SMS арқылы келген кодтарды сұрау.
"Инвестиция салмас бұрын Агенттіктің сайтынан компания лицензиясының бар-жоғын тексеріп, оның ресми ресурсын өзіңіз іздеп табыңыз. Платформаның сенімділігіне күмән туындаса, ақша аудармаңыз және құпия деректеріңізді бермеңіз", – деп ескертті ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.
2026 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысында CVK қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған С. Ш. Қайырбаев мүлкі тәркіленіп, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген еді.
Жобаға қатысушыларға құны 120 доллардан 49 мың долларға дейінгі виртуалды дүкендерді сатып алу үшін USDT криптовалютасымен ақша салу ұсынылған. Оның орнына күн сайын табыс тауып, жаңа салымшыларды тартқаны үшін қосымша сыйақы алатыны айтылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:05, 22 қыркүйек 2026
БҚО-да әкесі мен ұлы алимент мәселесін сот арқылы шешті
-
12:59, 22 қыркүйек 2026
АҚШ-та адам мен робот алғаш рет жекпе-жекке шықты
-
12:52, 22 қыркүйек 2026
Петропавлда мотоцикл жаяу жүргіншіні қағып, адам өлімі тіркелді
-
12:46, 22 қыркүйек 2026
Полиция көліктері заманауи жасанды интеллект жүйелерімен жабдықталмаған – ІІМ басшысы әкімдіктерді сынға алды
-
12:34, 22 қыркүйек 2026
Астанада жасөспірімдер көшедегі шығармашылығы үшін жауапқа тартылды





