«Жұмыс істеңіздер, әйтпесе орныңызға басқалар келеді»: Бектенов «ҚазАвтоЖол» басшысын сынға алды

12:06, 22 қыркүйек 2026
MKZ: 1568159

© Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 22 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жұмысын сынға алып, елдегі жолдардың сапасын жақсартуды талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтің мәліметінше, биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға азайған. Бұл ретте республикалық маңызы бар жолдардағы көлік қозғалысының қарқындылығы орта есеппен 30%-ға өскен.

"Осылайша, көлік ағынының айтарлықтай өсуіне қарамастан, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жол-көлік оқиғаларын сипаттайтын негізгі үш көрсеткіш те төмендеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады", – деді Дархан Иманашев.

Премьер-министр Олжас Бектенов баяндама жақсы болғанымен, әлі күнге дейін шешімін таппаған көптеген мәселе бар екенін атап өтті.


"Сіз олар туралы айтпадыңыз. Президент атап өткен барлық кемшілік сіздердің жұмыстарыңызға да тікелей қатысты. Жолдардың сапасын жақсарту керек. Жұмыс істеңіздер, әйтпесе орныңызға басқа адамдар келеді", – деді Премьер-министр.

Бұған дейін Олжас Бектенов, әсіресе түнгі уақытта қатты шу шығаратын автокөлік және мотоцикл жүргізушілеріне қатысты шараларды күшейтуді тапсырған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!