Омарташылар миллиондаған шығынға батуы мүмкін

11:16, 22 сәуір 2020

Көктемнен қоңыр күзге дейін бал арасын баптаумен айналысып жүрген кәсіп иелері осы күні табиғат аясына шыға алмай жүр. Олар қолдарында тиісті құжаттары бола тұра, арнайы қойылған блокпостан өте алмай жатырмыз дейді. Соның кесірінен омарташылар миллиондаған шығынға батуы мүмкін.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ирина Демидова омарташылар әулетінде дүниеге келген. Соңғы он жылдан бері бал арасын баптаумен айналысады. Шаруашылығында үш мыңнан астам ұяшық бар. Әрқайсысында 20 мыңдай жәндік құжынап, ұшып жүр. Оның сөзінше, бал арасын өсіру - бақуатты бизнес. Бірақ, шыдам қажет. Еселі еңбектің арқасында ол еліміздің барлық өңірі мен Ресейге дейін танылып үлгерген. Алайда, омарташының көңілі күпті биыл. Себебі, Шымкент карантинге жабылғалы бері бал араларын табиғат аясына шығара алмай жүр. Бұл көктемнің әрбір күнін азыққа бағалаған аралар үшін тапсырмас мезгіл.

Ирина Демидова, омарташы:

"Аптаның соңында Сырдария өзені жағасына шығуға дайындалып жүрміз. Алайда, Қызылорда облысының аумағынан кіру үлкен мәселе дейді. Блок-посттан өте алмайтын секілдіміз. Амал жоқ, бара көрерміз. Себебі, бұл біздің жыл бойы азығымыз болады".

Тәжірбиелі маманның бал арасына қызығып әрі қызғана қарайтындар өте көп. Солардың бірі -кентаулық Артем Егоров. Тумысынан осы кәсіпті меңгерген ол түрлі кедергілерге қарамастан, Иринаның шаруашылығынан бірнеше ұяшыққа салынған бал араларын сатып алмақшы. Алуын алғанымен, енді кері қайтуын ойлап отыр. Себебі, Түркістан облысының жолдарына енгізілген шектеулер омарташының жоспарын аяқсыз қалдыруы мүмкін.

Артем Егоров, омарташы:

"Аралар да жас бала секілді күтімді қажет етеді. Уақтылы тамақтануы қажет. Өйткені, ұяшықта аз ғана азығы болады. Тездетіп үйге жеткізіп, табиғатқа шығармаса өліп қалуы мүмкін. Оның үстіне, бал арасының қоршаған ортаға тигізер пайдасы зор. Жеміс-жидек пен бау-бақша және гүлдерді тозаңдандырады. Осы біле тұра, неліктен қолдан тосқауыл жасалып жатқанын түсіндебік".

Осы күні Шымкентте 300-дей омарташы бар екен. Олардың барлығы бал араларын сыртқа шығара алмай әлекке түсіп жүр. Сондықтан, өткен жұмада жергілікті билік омарташылардың табиғат аясына шығуына тек жүк көліктерімен ғана рұқсат етті. Ал, жеңіл машинаға тыйым салынған.

Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

"Жүк көлігімен ғана кіріп-шыға алады. Жүк көлігімен кіріп, удобрение немесе тұқымдарын, көшеттерін алып қайтада жүк көлігімен шығуға болады. Ал, бірақ, күнділікті сонда жұмыс істйтін адамдар ары бері жаяу немес жеңіл көлігімен кіріп шығуға болмайды".

Дегенмен, бұл талап шаруашылықты дұрыс жолға қойып үлгерген омарташылар үшін тиімсіз. Себебі, бал арасымен айналысып жүрген жандардың жанында кем дегенде 2-3 көмекшісі жүреді. Еңбек күші жүк көлігімен емес, жеңіл машинамен тасымалданады.

Төрехан Нармұхамедов, Омарташылар қауымдастығының төрағасы:

"Сол мәселе өте қиын болып жатыр. Егер уақтылы бұл жұмыстарды істемесек, арасыз қалады. Аралар сондай, уақтылы қарамаса, ұшып жоқ болып кетеді. Одан кейін, қазір қырда гүл гүлдеп жатыр, содан өздері бал жинайды".


Айтпақшы, бал арасының сыртқы шыға алмауынан жеміс-жидектер мен бау-бақша дақылдары тозаңдандырусыз қалуы мүмкін. Салдарынан жемістің дұрыс өнім бермеуі де ықтимал.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!