“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Астанада аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, 32 жастағы ер адам елордадағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінің маңында жәбірленушімен танысып, өзін жоғары оқу орындарына талапкерлерді оқуға түсірумен айналысатын арнайы орталықтың өкілі ретінде таныстырған. Ол азаматтың сеніміне кіру мақсатында шетелдік университеттермен де байланысы бар екенін айтып, қысқа мерзім ішінде оқуға грантсыз қабылдауға, құжаттарды рәсімдеуге және шетелдік оқытушыларды тартуға көмектесетінін жеткізген.
"Күдікті оқу ақысын төлеу, құжаттарды жедел рәсімдеу және арнайы дайындық бағдарламаларын ұйымдастыру қажет деген сылтаумен жәбірленушіден бірнеше мәрте ақша алған. Осылайша алдау және сенімге қиянат жасау жолымен жалпы сомасы 8 млн теңгені иемденген".,- деп мәлімдеді полицейлер.
Уәде етілген қызметтер уақытылы орындалмағаннан кейін жәбірленуші күдіктіден күмәнданып, құқық қорғау органдарына жүгінген. Тергеу барысында күдіктінің ешқандай білім беру ұйымдарымен ресми байланысы болмағаны анықталды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Ақтауда ірі көлемдегі есірткі партиясын тасымалдау әрекеті тоқтатылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:06, 17 шілде 2026
«Мұндайды күтпедім»: Германиялық саяхатшы Қазақстанның сұлу табиғатын әлемге паш етті
-
11:51, 17 шілде 2026
ЖИ, киберқауіпсіздік және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы академияны трансформациялаудың негізі
-
11:41, 17 шілде 2026
Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды
-
11:29, 17 шілде 2026
Алматыда BMW көлігі Өнер музейі алдындағы сәндік шарға соғылды - жас жігіт пен бойжеткен ауруханаға түсті
-
11:13, 17 шілде 2026
Мейірбике кейпіне еніп, жаңа туған сәбиді ұрлап кетпек болған күдікті ұсталды





