Оқу-ағарту министрлігі мектептер мен колледждердегі ішкі тәртіп қағидаларын бекітті

17:55, 6 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

Оқу-ағарту министрі 2024 жылы 28 тамызда арнайы бұйрық шығарып, білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үлгілік қағидалар білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларын әзірлеудің бірыңғай тәсілін қарастырады. Ішкі тәртіптеме қағидалары ұжымның жалпы жиналысында қаралады және білім беру ұйымының басшысы бекітеді. Білім беру ұйымының бекітілген ішкі тәртіптемесінің қағидаларын барлық қызметкерлер мен білім беру процесіне қатысушылар сақтайды.

Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидалары мынандай:

  • оқу процесін ұйымдастыруға;
  • тәрбие процесін ұйымдастыруға;
  • білім беру процесіне қатысушыларға қосымша білім беруді ұйымдастыруға;
  • қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;
  • білім беру процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылына жалпы тәсілді белгілейтін білім беру ұйымының ішкі нормативтік құжаты болып табылады.

Оқу процесін ұйымдастыру бойынша білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларымен мыналар белгіленеді:

  • оқу-тәрбие процесінің ұзақтығын және оқу жүктемесін ескере отырып, жұмыс режимінің, сабақ кестесін бекітудің және ондағы өзгерістер туралы хабарлаудың;
  • аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу шарттарының;
  • білім алушыларды пәндік олимпиадаларға, зияткерлік конкурстарға, өңірлік, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми жобалар жарыстарына, сондай-ақ колледждердің білім алушыларды кәсіптік шеберлік конкурстарына іріктеу шарттарының;
  • қосымша ақылы қызметтер көрсетудің;
  • сабақтарды, үйірмелер мен секциялар сабақтарын өткізуді ресімдеудің және жіберілген күндердегі бағдарламалық материалды өткізу шарттарының;
  • оқу-тәрбие процесіне қатысы жоқ ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын пайдаланудың;
  • стипендия төлеудің;
  • психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу шарттарының;
  • алқалы органдардың жұмысын ұйымдастырудың нақты тәсілдері белгіленеді.

Тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларымен мыналар белгіленеді:

  • білім беру процесіне қатысушылардың сыртқы келбетінің, міндетті мектеп формасын бекітудің және оны киюдің;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілердің демалысын ұйымдастырудың;
  • оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың сабақта, үзілісте, сабақтан тыс іс-шараларда, экскурсияларда, асханада, буфетте жүріс-тұрысының;
  • "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығына, "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығына демалуға жіберілетін білім алушылар мен тәрбиеленушілерді іріктеудің;
  • тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің білім беру ұйымының үй-жайлары мен аумағын таза ұстауының;
  • білім беру ұйымының дәстүрін сақтаудың нақты тәсілдері белгіленеді.

Білім беру процесіне қатысушыларға қосымша білім беруді ұйымдастыру бойынша білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларымен:

  • үйірмелер мен секциялардың сабақтарын ұйымдастырудың;
  • бірыңғай оқу кеңістігін құрудың;
  • педагогтерді республикалық және халықаралық конкурстарға іріктеудің;
  • білім беру ұйымы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастырудың;
  • білім беру процесіне қатысушыларды оқыту, тағылымдамадан өткізу, семинарлар, конференциялар, олимпиадалар, конкурстар жұмысына қатыстыру қызметін жүзеге асырудың нақты тәсілдері белгіленеді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларымен:

  • білім алушыларға, тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің және медициналық пункттің жұмысын ұйымдастырудың;
  • білім беру ұйымының асханасы мен буфетінде тамақтануды ұйымдастырудың;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің (ғимаратқа және аумаққа кіру режимі, бөгде адамдардың болу шарттары, мектеп бойынша кезекшілікті ұйымдастыру);
  • қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және еңбек гигиенасы, өртке қарсы қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау талаптары жөніндегі нұсқаулықтар мен қағидалар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырудың;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жатақханада орналасуының және тұруының нақты тәсілдері белгіленеді.

Білім беру процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы бойынша білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларымен:

  • педагогтердің тәлімгерлік жұмысын ұйымдастырудың;
  • білім беру процесіне қатысушыларды ынталандыру жүйесінің;
  • білім беру ұйымы әкімшілігінің және педагогтердің білім алушылармен, тәрбиеленушілермен, ата-аналармен және басқа да заңды өкілдермен өзара іс-қимылының;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шарттарының;
  • демеушілермен, меценаттармен және қолдаушылармен өзара іс-қимыл жасауының;
  • тәрбиеленушілердің білім беру ұйымына келетін туыстарына қойылатын талаптардың нақты тәсілдері белгіленеді.

Білім беру ұйымының әкімшілігі білім беру процесінің барлық қызметкерлері мен қатысушыларының Ішкі тәртіптеме қағидаларымен танысуын қамтамасыз етеді.

Бұйрық 2024 жылы 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!