Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды

15:06, 9 мамыр 2024

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2024 15:06

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2024 15:06

Сурет: akorda.kz

Парадты Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит, Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало тамашалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2024 15:06

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Ұлы Жеңіс күнімен барша қазақстандықтарды құттықтады. Сонымен қатар, 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым ету керектігін атап өтті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!