Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

10:12, 9 мамыр 2024

© Сурет: akorda.kz

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай аты аңызға айналған ұшқыш, 1945 жылғы Жеңіс шеруіне қатысқан қаһарман, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Еңселі ескерткіш 2021 жылы Астана қаласындағы Сарыарқа даңғылы мен Талғат Бигелдинов көшелерінің қиылысында бой көтерген болатын.

Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2024 10:12

Сурет: akorda.kz

Іс-шараға Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірқатар мүшесі қатысты.

Жиынға қатысушылар Жеңіс жолында ерлікпен шайқасқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!