«Нұр Әлемде» қазақстандық ғалымдардың жетістіктері қойылған
22:50, 5 шілде 2017
Егер сіз EXPO-2017 келсеңіз, «Нұр әлем» Қазақстан павильонына соқпай кетпейтініңіз анық. Олай болса 4-інші қабатта міндетті түрде кідіріңіз. Бұл жерде қазақстандық ғалымдардың жетістіктері қойылған биотехнологиялық зертхана орналасқан.
Зертхананың ішінде барлығы 14 ғылыми жаңалық қойылған. Оның 7-уі отандық. Соның бірі – медициналық биожелім. Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары ашқан бұл жаңалықтың отандық медицинаға үлкен серпіліс әкелері хақ.
Қаракөз Мұсабай, зертхана қызметкері:
-Хирургиялық операциялардан кейін кесілген жерге бисусты, яғни клейді жағатын болсақ шрам қалдырмай сол жерді жауып тастайды. Дәл қазір бұл кілегей табылды, бірақ ат берілген жоқ. Дәл осындай кілегей Оңтүстік Кореяда сынақтан өтіп жатыр.
Экспода қойылған тағы бір отандық ғылыми жаңалық – биоцемент. Бактерия арқылы алынатын цементтің тығыздығын ұлғайту жұмысы жүріп жатыр. Бұл цементті алуға небәрі үш күн кетеді әрі бағасы кәдімгі цементтен қарағанда 9 есе арзан.
Қаракөз Мұсабай, зертхана қызметкері:
-Сіздердің алдарыңызда тұрған Астанадағы биотехнологиялық орталығының жобасы. Бұл жобаның аты биологиялық тазарту жүйесі деп аталады. Бұл бактериялар металлды ыдыратады, яғни жеп қояды. Келесі жоба да қазақстандық жоба. Суды үнемдейді. Ең алдымен біз суды балық шарушалығына қолданамыз. Көбіне балық суын сасық болған соң төгіп тастайды, ал бұл жерде қызанақ шаруашылығына пайдаланады.
Жер климатына адам өркениетінің әсері анық, оның зардаптары қазірдің өзінде сезіледі. 1 млн халқы бар қала жыл сайын атмосфераға 10 млн тонна су буын, 2 млн тонна газ, 20 мың тонна шаң-тозаң мен 150 тонна ауыр металл шығарады екен. Мұның арты адамзатты алаңдата бастаған эаһандық жылынуға әкеп соғады. Сондықтан, қазір ғалымдардың алдында - атмосферадағы көмірқышқыл газын төмендету міндеті тұр. Бұл миссияға Қазақстандық ғалымдар да ат салысып жатыр. Ол балдырлардан биоотын алу әдісі.
Қаракөз Мұсабай, зертхана қызметкері:
-Бұл түтіктер суға толы, ол үнемі айналымда. Оның ішінде бір жасушалы бактериялар бар. Біз оларды арнайы өсіріп жатырмыз. Бұлар оттегі шығарады. Төбедегі тесіктерде көмірқышқыл газы кіріп, оттегі шығады, яғни ауа тазарады және олар көбейеді. Осы жәшіктердің ішінде биомасса жиналады. Зертханада ашу барысында олар газ бөледі, сол метан газдан біз жанармай аламыз. Олармен машинамен жүруге немесе үйді жылытуға болады.
Бұл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жобасы. Жоба экономика жағынан өте тиімді. Қазақстан бұған дейін биоотынды бидай мен жүгеріден алатын, ол қымбатқа түсетін.
Қаракөз Мұсабай, зертхана қызметкері:
-Балдырлар өте арзан, өте тез көбейеді. Бұларға ең қажеті су, күн және газ болса жетіп жатыр. Бір литр судан 55 мл биодизель аламыз шамамен. Бұл деген өте жақсы көрсеткіш.
«Болашақ – биотехнологияда». Еуразия ұлттық университетінің студенті Қаракөз Мұсабай осылай дейді. Шынашақтай ғана қазақтың қызы сарқылмайтын энергия көзін іздеуден жалықпауда.
Все организации образования должны иметь электронную почту с доменом edu.kz. По вопросам регистрации электронной почты с доменами @edu.kz и @med.mail.kz обращайтесь по телефонам +7 (727) З17-84-24, +7 (702) 892-84-41, +7 (708)246-93-09