Алматыда бірден төрт автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгерді
© Фото: Zakon.kz
Алматыда жол жөндеу жұмыстары жалғасуда, осыған байланысты кейбір учаскелерде көлік қозғалысы шектеліп, қоғамдық көлік бағыттарын уақытша өзгертуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы Көлік холдингінің мәліметіне сүйенсек, Манас көшесінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Абай даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Осыған байланысты 5 маусымнан бастап №44, №62, №80 және №123 бағыттарының қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізіледі.
№44 бағыт
- Оңтүстік бағытта: Абай даңғылы – жолайрық арқылы өту – Мұқанов көшесі – Жандосов көшесі – әрі қарай сызба бойынша.
- Кері бағытта: өзгеріссіз.
№62 бағыт
- Батыс бағытта: Абай даңғылы – Әуезов көшесі – Жандосов көшесі – әрі қарай соңғы аялдамаға дейін.
- Кері бағытта: өзгеріссіз.
№80 бағыт
- Оңтүстік бағытта: Шевченко көшесі – Әуезов көшесі – Атакент аумағындағы бұрылыс (Әуезов көшесі / Тимирязев көшесі) – Әуезов көшесі – әрі қарай сызба бойынша.
- Кері бағытта: өзгеріссіз.
№123 бағыт
- Оңтүстік бағытта: Шевченко көшесі – Әуезов көшесі – әрі қарай сызба бойынша.
- Кері бағытта: өзгеріссіз.
Бұған дейін Астана-Қарағанды тасжолының учаскесі бір айға жабылатындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:54, 27 шілде 2026
Павлодар арқылы Ресейден Өзбекстанға әуе рейстері қашан іске қосылатындығы белгілі болды
-
14:48, 27 шілде 2026
СҚО-да заңсыз темекі өнімдерінің ірі партиясы мен 180 литр спирт иісі бар сұйықтық тәркіленді
-
14:36, 27 шілде 2026
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады
-
14:22, 27 шілде 2026
Таңғы кезекшіліктен кейін жоғалып кеткен: Қазақстанда сарбазға іздеу жарияланды
-
14:19, 27 шілде 2026
Тұңғыш қазақ ғарышкеріне – 80 жас: Президент Тоқтар Әубәкіровті мерейтойымен құттықтады





