Ресей әскерлерінің бір бөлігі Армениядан шығарылады

16:02, 9 мамыр 2024

© Сурет: freepik

Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Ресей президенті Владимир Путин Ресей әскерилері мен шекарашыларын Арменияның бірқатар аймақтарынан шығаруға келісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арменияның өтініші бойынша Ресей шекарашылары армян-иран және армян-түрік шекараларында қалады, деп жазады РИА Новости РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сілтеме жасап.

Ақпарат агенттігі Путин мен Пашинянның келіссөздері бір сағаттан астам уақытқа созылғанын да хабарлаған болатын.

Бұған дейін Армения ҰҚШҰ-ны қаржыландыруды тоқтататыны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!