Назарбаев Бердібек Сапарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл білдірді
© Сурет: akorda.kz
Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Сапарбаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті мемлекет қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың өмірден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты, делінген ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайтында.
"Ол аса жауапты қызметтерде, соның ішінде бірнеше облыстардың әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Премьер-министрдің орынбасары лауазымдарында еңбек етіп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлкен үлес қосқан тұлға. Халықтың мұң-мұқтажын терең білетін, күрделі мәселелер бойынша шұғыл әрі оң шешімдер қабылдай алатын білікті басшы, беделді ұйымдастырушы, жоғары адамгершілік қасиеттерімен, биік парасатымен ерекшеленетін азамат еді", делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Машбекұлының жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.
Айта кетсек, 10 маусымда Бердібек Сапарбаевтың 71 жасына қараған шағында дүниеден озғаны белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





