Наурыз мейрамы қарсаңында әуе компаниялары ішкі рейсті көбейтпек
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
16 наурыздан бастап қазақстандық авиакомпаниялар қосымша ішкі авиарейстер енгізе бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Air Astana және FlyArystan 2026 жылғы 16 наурыздан бастап ел ішіндегі сұранысқа ие бағыттар бойынша 146 қосымша рейс ұйымдастырады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.
SCAT әуе компаниясы өз кезегінде 19–21 наурыз аралығында Алматы – Астана бағыты бойынша 5 рейс, сондай-ақ Шымкент – Ақтау бағыты бойынша 1 рейс ашады. Сонымен қатар, 23–26 наурыз аралығында Алматы – Астана бағыты бойынша тағы 4 рейс, сондай-ақ Шымкент – Астана және Ақтау – Астана бағыттары бойынша бір-бірден рейс қосылады.
"Air Astana және FlyArystan 16–29 наурыз аралығында ел ішіндегі сұранысқа ие бағыттар бойынша 146 қосымша рейс ұйымдастырады. Оның 80-і Алматы – Астана бағытына тиесілі",- делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, Алматы, Астана және Ақтау қалаларынан Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Семей, Ақтау, Атырау, Өскемен және Орал қалаларына қосымша рейстер жоспарланған.
"Жолаушыларға әуе компанияларының ресми сайттарынан қосымша рейстер туралы ақпаратты алдын ала тексеріп, билеттерді ертерек рәсімдеу ұсынылады".Көлік министрлігі баспасөз қызметі
Бұған дейін Қазақстанда оқушыларға арналған жаңа оқулықтар шығарылатындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:48, 18 наурыз 2026
Алматыда оқушы қыздың қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды
-
13:37, 18 наурыз 2026
Таразда есірткі тасымалдаумен айналысқан күдікті қолға түсті
-
13:23, 18 наурыз 2026
Алматыда Санжар Бокаев ұсталды
-
13:13, 18 наурыз 2026
Рақымшылыққа кірмейтін қылмыстар мен тұлғалар жарияланды
-
13:01, 18 наурыз 2026
18 наурыздағы Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамдары





