Атырауда жастар арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті
© Сурет: ҚР ІІМ
Ұлттық спорт күні – халқымыздың бай мұрасын жаңғыртып, дәстүрлі ойындарды кеңінен насихаттауға бағытталған ерекше мереке. Осыған орайАтырау облысында ұлттық спорт түрлерінен ауқымды жарыс ұйымдастырылды.
Іс-шара Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу кеңесі және "Ассамблея жастары" республикалық қоғамдық бірлестігінің бірлесуімен өткізілді.
Жарыс барысында қатысушылар қол күрес, асық ату, ләңгі тебу, гір тасын көтеру және арқан тарту сынды ұлттық және күштік спорт түрлері бойынша бақ сынасты. Шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықты арттыру және зиянды әдеттердің алдын алу.
Жарысқа 70-тен астам қала тұрғыны қатысып, түрлі жас санатындағы жастар өз шеберліктерін көрсетті. Тартысты өткен дода нәтижесінде үздіктер анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Марапаттау рәсімінде полиция қызметкері қатысушыларды құттықтап, мұндай іс-шаралардың жастарды дұрыс бағытқа жетелейтін маңызды қадам екенін атап өтті. Оның айтуынша спорт арқылы жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, денсаулығын нығайтуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік туады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:01, 21 наурыз 2026
Тұман, жел және найзағай: 22 наурызға арналған ауа райы болжамы
-
17:50, 21 наурыз 2026
Президент Ұлыстың ұлы күніне арналған концертті тамашалады
-
17:41, 21 наурыз 2026
Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды
-
17:33, 21 наурыз 2026
Қызылордада «Береке бастауы – әз Наурыз» атты мәдени-көпшілік шара өтті
-
16:55, 21 наурыз 2026
Алматылықтар Наурызды ауқымды театрландырылған концерт және «болашақ киіз үйлерімен» қарсы алды





