Науқастарды медициналық оңалту: стандарт жаңартылды

12:40, 5 қаңтар 2025

© Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2024 жылғы 20 желтоқсандағы бұйрығымен Қазақстан Республикасында медициналық оңалтуды ұйымдастыру стандартын жаңа редакцияда бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медициналық оңалту жөніндегі медициналық қызметті "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен алынған қызметтің көрсетілген түріне мемлекеттік лицензиясы болған кезде меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау субъектілері жүзеге асырады.

Медициналық оңалту ТМККК, МӘМС, ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде және ақылы негізде көрсетіледі.

Төтенше жағдайлар кезінде және (немесе) пандемия уақытында медициналық оңалтудың қолжетімділігін арттыру үшін қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер қолданылады.

Меншік нысанына қарамастан медициналық оңалтуды көрсететін медициналық ұйымдарға мыналар жатады:

  • республикалық, облыстық, қалалық оңалту орталықтары;
  • республикалық орталықтардың, көп бейінді стационарлардың (облыстық, қалалық, орталық аудандық, ауданаралық және ауылдық ауруханалар) медициналық оңалту бөлімшелері (төсектері);
  • амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың медициналық оңалту бөлімшелері (кабинеті);
  • санаторийлік-курорттық ұйымдар.

Медициналық оңалту көрсететін медициналық ұйымдардың негізгі міндеттері:

  • ерте басталуы;
  • үздіксіздік;
  • сабақтастық;
  • жеке және мультипәндік тәсіл;
  • тиімділігі мен қауіпсіздігі барынша дәлелденген әдістерді қолдану;
  • медициналық оңалтудың барлық кезеңдерінде оңалту қызметтерін көрсету;
  • медициналық оңалтудың инновациялық, тиімді әдістерін енгізу болып табылады.

Қазақстан Республикасының ересек халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру тәртібі

Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес медициналық бұйымдармен жарақтандыру мен штаттық нормативтермен жасақтау жинақталуы ескеріле отырып, Кодекстің 116-бабына сәйкес медициналық көмек көрсетудің бірінші, екінші және үшінші деңгейлерінде көрсетіледі.

Бірінші деңгейдегі медициналық оңалту осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес медициналық көмек көрсету деңгейлер бойынша медициналық оңалтуды жүзеге асыруға арналған талаптарға сәйкес келетін өз құрылымында ФМО кабинеті (бөлімшесі) бар ұйымдарда көрсетіледі және осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес тіршілік әрекетінің жұмыс істеуінің бұзылуының және шектелуінің жағдайының ауырлық дәрежесі бойынша ОБШ-ға сәйкес жай-күйі 1-ден 2 балға дейін бағаланатын пациенттерге жүргізіледі.

Екінші деңгейдегі медициналық оңалту осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес медициналық көмек көрсету деңгейі бойынша медициналық оңалтуды жүзеге асыруға арналған талаптарға сәйкес келетін өз құрылымында мамандандырылған бөлімшелері және (немесе) орталықтары бар медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады және осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес тіршілік әрекетінің жұмыс істеуінің бұзылуының және шектелуінің ауырлық дәрежесі бойынша неврология, нейрохирургия (ересектер) бейіні бойынша ОБШ-ға сәйкес жай-күйі 2-ден 5 балға дейін және барлық басқа бейіндер бойынша ОБШ-ға сәйкес жай-күйі 2-ден 4 балға дейін бағаланатын пациенттерге жүргізіледі;

Үшінші деңгейдегі медициналық оңалту республикалық мамандандырылған медициналық ұйымдарда, сондай-ақ осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес медициналық көмек көрсету деңгейі бойынша медициналық оңалтуды жүзеге асыруға арналған талаптарға сәйкес оңалту орталықтарында көрсетіледі және осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес тіршілік әрекетінің жұмыс істеуінің бұзылуы және шектелу жағдайының ауырлық дәрежесі бойынша неврология, нейрохирургия (ересектер) бейіні бойынша ОБШ-ға сәйкес жай-күйі 2-ден 5 балға дейін және барлық басқа бейіндер бойынша ОБШ-ға сәйкес 2-ден 4 балға дейін бағаланатын пациенттерге көрсетіледі;

Медициналық оңалту үш кезеңде жүзеге асырылады:

  1. бірінші кезең - аурудың аса жедел (72 сағатқа дейін) және жіті кезеңдерінде, сондай-ақ операциялық араласулар, жарақаттар кезінде КХ-ға сәйкес негізгі ауруды емдеу шеңберінде мамандандырылған, оның ішінде оңалту әлеуеті болған жағдайда жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін стационарлық жағдайларда (реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі немесе мамандандырылған бейінді бөлімше) медициналық оңалту жүргізу;
  2. екінші кезең — аурудың немесе жарақаттың алғашқы 6 айында жіті және ерте қалпына келтіру кезеңдерінде және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, оңалту орталықтарының, көп бейінді медициналық оңалту бөлімшелерінде немесе оңалту төсектерінде стационарлық (тәулік бойы) жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, медициналық көмек көрсету кезінде оңалту әлеуеті болған жағдайда ауру ағымының қалдық құбылыстары кезеңіне медициналық оңалтуды жүргізу;
  3. үшінші кезең - жіті жай-күйлердің, хирургиялық араласулардың, оның ішінде кардиохирургиялық операциялардың, жүректі трансплантаттау сол жақ қарыншаның қосалқы механикалық құрылғысын (LVAD) имплантаттау және медициналық-санитариялық алғашқы көмек, мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық көмек көрсету кезіндегі жарақаттар, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізді стационарларда, тәулік бойғы стационарларда, оңалту орталықтарында, санаторийлерде медициналық көмек салдарларына, сондай-ақ төтенше жағдайларда және (немесе) пандемия кезінде, оңалту әлеуеті болған кезде қашықтықтан медициналық қызмет көрсету арқылы медициналық оңалту жүргізу.

Медициналық оңалту тиімділігі оңалтудың үшінші кезеңінде мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:

  • айқын көрінетін оң динамика;
  • орташа оң динамика;
  • динамиканың болмауы;
  • теріс динамика.

Қазақстан Республикасының балалар халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру тәртібі

Балалар халқына медициналық абилитациялау және оңалту Кодекстің 116-бабына, клиникалық хаттамаларға және балалар халқын медициналық абилитациялау мен оңалтуға қатысты басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес медициналық көмек көрсетудің бірінші, екінші және үшінші деңгейлерінде штаттық нормативтерді ескере отырып және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес медициналық абилитация мен оңалтуды көрсететін медициналық ұйымдарды медициналық бұйымдармен жарақтандыру кезеңдеріне сәйкес көрсетіледі.

Балалар халқына медициналық абилитация мен оңалтуды МПТ көрсетеді. ОБШ және ОӘ анықтау үшін МПТ құрамына міндетті түрде бейінді маман, реабилитолог дәрігер немесе ФМО дәрігері және көрсетілімдер бойынша маман (дар) кіреді.

Көрсетілімдер бойынша МПТ-ның құрамына мынадай мамандар тартылады:

  • жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар: кинезиотерапевт, оториноларинголог (сурдолог), эрготерапевт, психотерапевт, протезист-ортезист маман;
  • орта медициналық білімі бар: ЕДШ нұсқаушысы, эрготерапевт, мамандандырылған мейіргер;
  • жоғары педагогикалық білімі бар: дене шынықтыру және спорт жөніндегі маман, бейімделген дене шынықтыру және спорт жөніндегі маман, логопед, психолог, эрготерапевт, дефектолог-мұғалім, сурдопедагог, тифлопедагог, мұғалім (педагог), әлеуметтік қызметкер, тәрбиеші, протезист-ортезист маманы; жоғары немесе орта медициналық немесе медициналық емес біліммен арнайы техникалық білімі бар техник-ортезист.
  • орта педагогикалық білімі бар: ЕДШ нұсқаушысы, эрготерапевт, логопед, психолог, дефектолог-мұғалім, сурдолог-мұғалім, тифлопедагог, тәрбиеші, мұғалім (педагог), әлеуметтік қызметкер/педагог;
  • жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі/орта медициналық емес білімі бар: медициналық психолог, протезист-ортезист маман.

Халықаралық өлшемшарттарға сәйкес жай-күйдің ауырлығына және биопсихологиялық-әлеуметтік функциялардың бұзылуына байланысты МПТ-ның шешімі бойынша мыналар айқындалады:

  • медициналық абилитация және оңалту деңгейі мен кезеңі;
  • медициналық абилитация және оңалту кезеңділігі.

Екінші және үшінші кезеңдегі медициналық абилитация мен оңалтудың кезеңділігі жылына 4 реттен аспайды, ал 3 жасқа дейінгі ерте араласу орталықтарында (бұдан әрі – ЕАО) – жылына 6 реттен аспайды.

Оңалту әлеуеті төрт санатқа бөлінеді:

  • денсаулықты толық қалпына келтіру әлеуетінің санаты;
  • пациенттің жұмысын ішінара қалпына келтіру әлеуетінің санаты;
  • пациенттің бейімделу және өтемақы әлеуетінің санаты;
  • қоршаған ортаны бейімдеу әлеуетінің санаты (пациентті оқыту және күту, пациент пен күтімге психологиялық және әдістемелік қолдау).

Оңалту әлеуетін бағалау абилитация немесе МПТ оңалту курсы түскен кезде немесе аяқталғаннан кейін, сондай-ақ оңалту әлеуеті өзгерген жағдайда абилитация немесе оңалту курсы түскен кезде және аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Медициналық абилитация мен оңалтуға көрсетілімдер осы Стандарттың 6-қосымшасына сәйкес тіршілік әрекетінің бұзылуы мен шектеулерінің дәрежесі болып табылады.

Денсаулықты толық қалпына келтіру әлеуеті санатына қол жеткізілген кезде және тіршілік әрекетінің жұмыс істеуі бұзылуын және шектеуін ОБШ-0 қорытынды бағалау кезінде кез келген кезеңде медициналық абилитация және оңалту бойынша іс-шаралар жүргізілген пациентке медициналық оңалтуды жалғастыру қажет емес.

Тіршілік әрекетінің жеңіл жұмыс істеу бұзылуы және шектеуі (ОБШ-1) бар пациент амбулаториялық-емханалық жағдайларда медициналық оңалтудың үшінші кезеңіне жіберіледі.

Тіршілік әрекетінің орташа (ОБШ-2), айқын (ОБШ-3) немесе өрескел көрінетін (ОБШ-4) жұмыс істеу бұзылуы және шектеуі бар пациент медициналық абилитация мен оңалтудың екінші немесе үшінші кезеңіне жіберіледі.

Тіршілік әрекетінің аса ауыр дәрежедегі (ОБШ — 5) жұмыс істеу бұзылуы және шектеуі және қоршаған ортаны бейімдеудің оңалту әлеуетінің санаты бар (медициналық-әлеуметтік көмек, күтім, күтім жасау бойынша адамдарды оқыту), медициналық абилитация және оңалту жөніндегі іс-шаралар жүргізілгеннен кейін жағдайы өзгермеген пациенттер ай сайын алғашқы үш айда, келесі айларда қайта бағалануға жатады — үш айда бір рет және тіршілік әрекетінің жұмыс істеу бұзылуы және шектеуінің көрсеткіші және (немесе) оңалту әлеуетінің пайда болуы жақсарған кезде тәулік бойы стационарда оңалтудың екінші немесе үшінші кезеңіне жіберіледі.

Екінші немесе үшінші кезеңде медициналық абилитация және оңалту жөніндегі іс-шаралар жүргізілгеннен кейін жағдайы өзгермеген тіршілік әрекетінің аса ауыр дәрежедегі (ОБШ-5) жұмыс істеу бұзылуы және шектеуі бар пациенттер оларда оңалту әлеуеті пайда болғанға дейін медициналық паллиативтік көмек ұйымдарына жіберіледі.

Бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген жекелеген нормаларды қоспағанда, 2025 жылғы 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!