Оралда туысының алтын әшекейін ұрлаған күдікті ұсталды
© Фото: Zakon.kz
Орал қаласында полиция қызметкерлері жеке тұрғын үйден алтын зергерлік бұйымдардың ұрлану дерегін ашты. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 32 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.
Анықталғандай ол жәбірленушінің туысы бола тұра, үйге еркін кіріп, екі рет алтын әшекейлерді жасырын түрде ұрлаған.
Алғашқы ұрлық кезінде қолды болған зергерлік бұйымдарды күдікті ломбардқа өткізіп үлгерген. Ал екінші рет жасаған ұрлықтан кейін ұрланған мүлікке иелік етіп үлгермей, полиция қызметкерлерінің қолына түсті.
Қылмыстық іс бойынша барлық заттай дәлелдемелер тәркіленді. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 900 мың теңгені құрады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді. Полиция ескертеді: бағалы заттарды оңай қолжетімді жерлерде қалдырмаңыз, бөгде адамдардың тұрғын үйіңізге еркін кіруіне жол бермеңіз және мүлкіңіздің сақталуын қамтамасыз ету үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдаңыз.
Құқыққа қайшы әрекеттерді байқасаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:28, 5 тамыз 2026
Қазақстандық 14 жыл бұрын қайтыс болған әкесінің үйіне мұрагерлік сұрады: сот не шешті
-
10:15, 5 тамыз 2026
Жетісайдағы тойдан тараған даулы бейнежазбаға ІІМ пікір білдірді
-
10:02, 5 тамыз 2026
«Қазгидромет» 2026 жылғы тамызда қай өңірлерде құрғақшылық болатынын нақтылады
-
09:45, 5 тамыз 2026
Шекарадан дизель отынын алып өтпек болған шетелдік қитұрқы әрекетке барған - кедендіктер оны бірден байқады
-
09:39, 5 тамыз 2026
Қазақстанда интерн-дәрігерлерді даярлау жүйесі жетілдіріледі





