Шекарадан дизель отынын алып өтпек болған шетелдік қитұрқы әрекетке барған - кедендіктер оны бірден байқады

09:45, 5 тамыз 2026
MKZ: 1559718

© Фото: Zakon.kz

Шекара арқылы 95 литр дизель отынын заңсыз алып өтпек болған шетелдікке айыппұл салынды. Істі Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық соты қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 2026 жылғы 9 шілдеде "Тәжен" кеден бекетінде болған. Шетелдік Қазақстаннан Өзбекстанға өту кезінде зауыттық техникалық құрылымда көзделмеген, сыйымдылығы 95 литр болатын қосымша жанармай багымен дизель отынын заңсыз алып өтпек болған.

Алайда ер адамның әрекетіне шекаралық бақылау барысында тосқауыл қойылды.

"Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі өз түсініктемесімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және іс материалдарымен толық дәлелденді". Бейнеу аудандық сотының баспасөз қызметі

Күдіктіні ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабымен (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде тыйым салулар мен шектеулерді қолдану тәртібін сақтамау) жауапқа тартты.

Сот қаулысымен ол бойынша кінәлі деп танылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (64 875 теңге) әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!