Димаштың орындауындағы түрікше ән бірнеше елдің чарттарын бағындыруда

21:51, 5 тамыз 2026
MKZ: 1559876

© Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash

Қазақстан мен Қырғызстанның Халық артисі Димаш Құдайбергеннің орындауындағы түрік тіліндегі "Yazgı" атты жаңа ән бірнеше елде музыкалық чарттардың көшбасына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Менің жаңа "Yazgı" әнім iTunes чарттарының шыңын бағындырып жатыр. Мажарстанда - бірінші орын, Румынияда - бірінші орын, Латвияда үздік үштікке енді. Әрбір стрим, әрбір сатып алу және әрбір хабарлама менің музыкамның әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдарға жетуіне көмектеседі. Махаббаттарыңыз бен сенімдеріңіз және сарқылмас қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл жетістік - баршамызға ортақ!" делінген жазбада.

Жанкүйерлер жазба астына жарыса пікір қалдырып, әншінің жаңа туындысын жоғары бағалап, ал әннің өзін әдемі әрі әсерлі деп атауда.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!