«Найзағай ойнап, жаңбыр жауады». Еліміз бойынша 15 маусымға арналған ауа райы болжамы

© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК мамандары республикамыз бойынша алдағы жексенбі, 2025 жылы 15 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің айтуынша, республикамыздың басым бөлігінегі ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер қозғалысы анықтайтын болады.
"Осыған байланысты елімізде найзағай ойнап, бұршақ түседі, ал батыста, солтүстік-шығыста және шығыста нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі", - дейді "Қазгидромет" РМК.
Жалпы республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі жатады. Сондай-ақ, күндіз бірқатар аймақтарда аптап ыстық болады деп күтіледі. Сынап бағаны Жетісу және Абай облыстарында, Батыс Қазақстан облысында , Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында 35-40 градусқа дейін көтеріледі.
Аптап ыстық Ұлытау облысының батысында, сондай-ақ Қостанай өңірінің оңтүстігінде де күтіледі.
Осыған байланысты Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында, Жетісу, Абай облыстарында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе өңірінің орталығында, Жамбыл облысының шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі болады деп күтіледі.
Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау облыстарында, Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі аудандарында, Атырау өңірінің шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау өңірінің солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер қазақстандықтарды 2025 жылғы 14-16 маусым аралығында ел аумағына екі циклон жүретінін ескерткен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:36, 8 шілде 2025
Денис Полубояринов Азия рекордын жаңартып, чемпион атанды
-
21:53, 8 шілде 2025
Айым Қанағатова теннистен Нидерландта өткен турнирдің жеңімпазы атанды
-
21:12, 8 шілде 2025
Түркістан облысында жанар-жағармай бекетінен өрт шығып, бір адам күйіп қалды
-
20:52, 8 шілде 2025
Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан Азия біріншілігінде қола медальға ие болды
-
20:33, 8 шілде 2025
Шымкентте екі жасар бала алтыншы қабаттан құлап, мерт болды